Тағзым
2 мин оқу 230

Ұлы ұстаз ұлықталды

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Ұлттық музейде әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай &laquo;Адамзаттың ұстазы&raquo; атты музей&shy;лік дәріс өтті. Атаулы іс-шараға көрнекті ғалым&shy;дар, елорда мектептерінің оқушылары қатысты.</p>

Ұлы ұстаз ұлықталды

Мәдени дәрісті ұй­ым­дастырушы – музейдің педагогика және балалар шығар­ма­шылығы бөлімінің әдіскер маманы Лаура Мырзахмет: «Ұлы ұстаз Фа­рабидің күллі адамзат игі­лігі үшін атқарған рухани еңбегі ұшан-теңіз. Атап айт­сақ, тұлғаның әлемге әйгілі еңбегі «Қайырымды қала тұр­ғындары», «Музыка туралы» трактаттары әлі күнге құнын жойған жоқ. Әсіресе әлем тарихында тұңғыш рет музыкалық дыбыстарды қағазға түсіріп, нота пайдаланғаны зор жаңалық», деді.

Жиналған қа­уымға дәріс жүргізген Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­ситетінің профессоры, тарих ғылым­дарының докторы Мақ­сат Алпысбесұлы, ұлы ға­лымның ғұмырнамалық тарихы мен шығармашылық қуаты жайлы қызықты әңгіме өрбітіп, тұлғаның еңбегіне тоқ­талды.

«Үлкен оқымысты әл-Фара­би «әрбір адамның дүние­де өз орны бар» десе, дана Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!», деп әркімнің өз орны бар екенін тілге тиек еткен. Жас ұрпақтың міндеті – ізденіс жұмысын жалғастырып, білім қорын толықтырып, тарихымыздың құндылығын дәлелдеуге бар күш-жігерін салу болса, біздің міндетіміз – ұрпаққа терең білім мен тәрбие беру. Әл-Фараби бабамыз біз үшін ғылым-білімге деген жанкештіліктің және жетістікке жетудің үлгісі», деді тарихшы ғалым.

Сонымен қатар музей­лік дәріс барысында ұйымдас­тырушы тарап, канун (жеті­ген типтес аспап), мизмар (сы­бызғы типтес аспап), уд, тан­бур, шахруд (домбыра типтес аспап), рабаб (қобыз типтес аспап), т.б. музыкалық ас­паптардың ерекшелігіне тоқталып, олардың дыбысталып ойналуы хақында бейнежазбалар ұсынды. Сондай-ақ дәріске қатысушылар көр­меге қойылған ғұламаның шығар­маларымен танысты.

Бөлісу:
Ұлы ұстаз ұлықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар