Заң
1 мин оқу 370

Мемлекеттік төлқұжатты кімдерге тегін алуға болады

<p>Шетелге шыққысы келетін кей қазақстандықтар мемлекеттік төлқұжатты тегін ала алады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекеттік төлқұжатты кімдерге тегін алуға болады

Айталық, былтырғы жылы 102 мың азамат паспорт алу үшін төленетін баж салығынан босатылған.

Ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитеті Халықты құжаттандыру басқармасының аға инспекторы Айнұр Байгеленованың айтуынша, мемлекеттік құжатты алу үшін баж салығын төлемейтін азаматтардың санаты бар.

Салық кодексінің 622-бабына сәйкес:

ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар;
Кеңес одағының батырлары;
Социалистік еңбек ерлері;
Мүгедектігі бар азаматтар (барлық топ);
 Бала кезінен мүгедек болған азаматтың ата-анасының бірі;
Қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
Жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
«Батыр Ана», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерінің иелері;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтарға төлқұжат тегін беріледі.

Бөлісу: