Аймақтар
1 мин оқу 170

Екі облыста жол жабылды

<p style="text-align: justify;">Еліміздің батысы мен оңтүстігіндегі республикалық маңызы бар екі жолда көлік қозғалысы шектелді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екі облыста жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе, Қызылорда облыстарындағы жол учаскелері сағат 11:30-дан бастап жабылған. 

Ақтөбе облысында «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.

Қызылорда облысында «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) де жабылған.

Жол учаскелерін бүгін сағат 20:00 ашу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Екі облыста жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар