Спорт
1 мин оқу 171

Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында&nbsp; мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін

Бақтияр Артаевтың айтуынша, «Тарлан» бокс кешенін мемлекеттің балансына алу жоспарланған. Егер осы жұмыс ойдағыдай аяқталса, бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жұмысқа қабылданады.

«Бокс кешенін мемлекеттің балансына алсақ, Сыр өңірінің мақтанышы Қамшыбек Қоңқабаевты жұмысқа қабылдаймыз.  Сонымен қатар, Тұрсынбай Құлахмет секілді жас мамандарды да шәкірт тәрбиелеу жұмысына тартып жатырмыз. Өңірде боксты дамытуға барынша көңіл бөлініп келеді. Өздеріңізге белгілі, жуырда 81 келі салмақ дәрежесінде Азамат Бектас ел чемпионы атанды. Осындай чемпиондарды дайындау жұмыстарын одан әрі жандандырамыз », деді Бақтияр Артаев.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың спорттағы мансабын аяқтағаны айтылған еді. 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан ол Олимпиададан бөлек, екі рет әлем чемпионатының (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021) атанды.

 
Бөлісу:
Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар