Аймақтар
1 мин оқу 140

ШҚО-да май зауытынан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Предгорное ауылындағы май зауыты отқа оранды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО-да май зауытынан өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, 50 шаршы метр алаңға тараған жалын сөндіріліп, өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында объектінің негізгі жабдықтары құтқарылып қалған.

«Май зауытының аумағында қабық пен шротты түйіршіктеу цехының қабықты шығару нориямында жанып, түтін 4-ші мен 6-шы қабаттарға тарады. Күнбағыстың қабығы өртенді», делінген хабарламада.

Аталған нысанның қызметкерлері үй-жайдан уақтылы шығып кеткен. 

Бөлісу:
ШҚО-да май зауытынан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар