Саясат
1 мин оқу 100

Цифрлық ізденістермен танысты

<p style="text-align: justify;">Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе &laquo;Қазақстан темір жолы&raquo; ҰК&raquo; АҚ кеңсесінде болды. Онда грузиялық делегацияға Қазақстанда теміржол саласында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер ұсынылды.</p>

Цифрлық ізденістермен танысты

ҚТЖ кеңсесін аралау барысында Грузия Премьер-ми­нистрі «Бірыңғай цифрлық терезе» қосымшасының және темір­жол көлігіндегі «ақылды» жүйе­нің жұмысымен танысты. Бұл инно­вациялық шешімдер рәсімдерді жеңіл­детуге, жүк тасымалдау уақы­тын қысқартуға және теміржол логистикасы саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Грузия темір жолы» АҚ арасында екі елдің тран­зиттік ағын­дары мен эконо­ми­касын жан­дандыруға ықпал ететін серіктестік орнаған. Соны­мен қатар Транс­кас­пий халықара­лық көлік бағыты­ның мультимодаль­ды қызметін дамыту мақсатында құрылған «Middle Corridor Multimodal Ltd.» бірлескен кәсіпорны аясында ынтымақтастық орнатылды.

Тараптар порттар мен терми­нал­­дардың әлеуетін аша отырып, қол­да бар көлік-логистикалық мүм­кін­діктерді пайдалану арқылы жүк та­сымалы көлемін арттыру жұмы­сын жандандыру ниетін растады.

2024 жылы Қазақстаннан Грузияға экспорт 34%-ға, еліміз арқылы транзит 2023 жылмен салыстырғанда 40%-ға өсті. 2024 жылы екі ел арасындағы тасымалдау көлемі 4,7 млн тонна болды. Жалпы, кейінгі 4 жылда Қазақстан – Грузия бағыты бойынша жүк тасымалы 9 есеге, ТХКБ бойынша 6 есеге өсті.

Бөлісу:
Цифрлық ізденістермен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар