Қысқы спорт
1 мин оқу 410
Қазақстан құрамасы шорт-тректен финалға өтті
<p style="text-align: justify;">Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында аралас командалық эстафетада финалға шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Ширек финалда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, Жапония мен Тайбэйден озып кетті.
Осылайша, команда жартылай финалға жолдама алды. Бұл кезеңде ел намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Әжғалиева қорғады. Жарыста қазақстандықтар екінші болып мәре сызығын кесіп, Харбинде өтетін финалға жолдама алды.
Финал 8 ақпанда Астана уақытымен 07:06-да басталады.
Бөлісу: