Оқиға
1 мин оқу 140

Ақтөбеде тасқынға тосқауыл қоймаған директор сотталды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданының прокуратурасы &laquo;Мағаджан&raquo; плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ақтөбеде тасқынға тосқауыл қоймаған директор сотталды

Ақтөбе облысының прокуратурасы хабарлағандай, іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания болып табылатын ЖШС-нің директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шаралар қабылдамаған. 2024 жылы 4 сәуірде бөгет жарылып нәтижесінде Табантал, Қызылту, Бесқоспа ауылдарын су шайып, азаматтардың мүліктеріне және инфрақұрылымға зиян келген.

«Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-нің 254-бабымен (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге тыйым салумен, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды» делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Ақтөбеде тасқынға тосқауыл қоймаған директор сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар