Жәдігер
1 мин оқу 410

Британия музейіндегі сәукеле

<p style="text-align: justify;">Ұлыбритания ұлт&shy;тық музейінің жә&shy;дігерлер топтамасында сақ&shy;таулы тұрған бұл сәу&shy;келе хал&shy;қымыздың сан&shy;ғасыр&shy;лық киім мә&shy;де&shy;ние&shy;&shy;тінің өзгешелігін, ба&shy;сқа халықтардан да&shy;ра екенін дәлелдеп тұр&shy;&shy;ғаны сөзсіз.</p>

Британия музейіндегі сәукеле

Аталған жәдігер 1926 жылы Жетісу жерінен сатып алынып, Миссис Т.Каллин есімді азаматтың көмегімен музейге тапсырылған. Матадан (мақтадан) тігіліп, киізбен ай­шықталған, алтын-күмістен әшекей салынып, інжу-мар­жандармен көмкерілген бұл баскиім қай елдің көрмесінде тұрса да, сәулетін асыратынына талас жоқ.

Жәдігердің түсіндірме­сін­де «Қырғыз бен қазақ қыз­дары үйлену тойы күні немесе некенің ал­­ғашқы жылы тұңғы­шы дү­ниеге келгенге дейін ма­ңызды ме­ре­келерде сәу­келе деп ата­латын сән­ді баскиім киіп жүретін бол­ған. Жі­бекпен қап­талған ко­нустық құ­ры­лым алтын жа­ла­­тылған эле­мент­тер­­мен, інжу-мар­жандар­мен, моншақтармен, амуле­тикалық маржан жіптерімен, кү­міс түйір­шіктермен бе­зенді­рілген. Кестеленген панель қалың­дықтың өрілген шаштарын жасырып тұруға арналған» делінген.

Бөлісу:
Британия музейіндегі сәукеле · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар