Қоғам
1 мин оқу 100

«Damumed»-ке рұқсатсыз қол жеткізген екі тұрғын ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізген Жетісу облысының тұрғындарына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Damumed»-ке рұқсатсыз қол жеткізген екі тұрғын ұсталды

30 қаңтарда Талдықорған сотының қаулысымен Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«Тергеу медициналық қызметкерлердің есепшотын заңсыз иемдену арқылы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қосымша халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне рұқсатсыз қол жеткізгенін анықтады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
«Damumed»-ке рұқсатсыз қол жеткізген екі тұрғын ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар