Қоғам
1 мин оқу 83
1 наурыздан бастап екі қала арасында пойыз жүре бастайды
<p style="text-align: justify;">Балқаш – Алматы бағытындағы жаңа пойыз екі қала арасындағы тікелей теміржол қатынасын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұған дейін жолаушылар Сарышаған стансасында ауысып мінуге мәжбүр болатын.
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, аталған маршрут Балқаш – Мойынты учаскесінде екінші жол салынғаннан кейін іске қосылған, бұл желінің өткізу қабілетін арттырды.
Пойыздың қозғалыс кестесі:
Балқаш - Алматы – жұп күндері сағат 07:52-де жолға шығып, Алматы-2 стансасына 00:58-де келеді.
Алматы - Балқаш – тақ күндері сағат 00:10-да жолға шығып, Балқашқа 15:03-те келеді.
Сондай-ақ, жол жүру уақыты 17 сағат болатыны нақтыланған.
Бөлісу: