Ауа райы
1 мин оқу 180
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде тұман түседі
<p style="text-align: justify;">«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, еліміздің көп бөлігінде тұман, жел, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде түседі. Солтүстігінде аздаған қар жауады.
Түнде Түркістан облысының таулы аймағында қатты қар жаууы мүмкін. Жоғары қысым аймағының ықпалынан елдің батысы, солтүстік-батысы, оңтүстік, шығыс, орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика көлемінде тұман түсіп, солтүстік, оңтүстік, шығыста – жел күшейеді. Солтүстік пен шығыста – жаяу бұрқасын соғады. Ал солтүстік, оңтүстік, оңтүстік-батысында – көктайғақ болады.
Бөлісу: