Былтыр 12,8 мыңға жуық адам елден көшіп кеткен
<p style="text-align: justify;">2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстаннан басқа мемлекетке шамамен 12,8 мың адам көшіп кеткен. Бұл өткен жылға қарағанда 20%-ға аз, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.</p>

Айта кетейік, қазіргі көрсеткіші тәуелсіздік алғаннан бергі ең төменгі деңгей.
Осы кезеңде Қазақстанға тұрақты қоныс аударып келгендер саны 29,9 мың адамнан асқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Бұл көрсеткіш тарихи рекорд болып саналмаса да, бұдан жоғары деңгей соңғы рет 2011 жылы тіркелген.
«Осылайша, көші-қон сальдосы – келгендер саны мен кеткендер санының айырмасы – екінші жыл қатарынан оң аймақта қалып отыр. Бұл жолы ол 17,2 мың адамға жуықтады. Бұл 2006 жылдан бергі ең жақсы нәтиже. 2012-2022 жылдар аралығында көші-қон сальдосы жыл сайын теріс мәнде болған. Яғни, Қазақстаннан кетушілер саны келгендер санынан көп болды», делінген хабарламада.
10 адамның жетеуі Ресейге көшкен. Одан кейін Германияға көшушілер үлесі артып келеді (16%). Ал, елге тұрақты қоныс аударушылардың басым үлесі Өзбекстан (10 адамның 4-еуі) және Ресейге (иммигранттардың 27%-ы) тиесілі. Қытайдан келушілер 7%, Моңғолиядан 5%-ды құраған.