Қоғам
1 мин оқу 100

Қар көшкіні қаупі бар 619 учаске анықталды

<div class="Album"> <div class="album-item-select-wrapper"> <div id="album-media-message-21682" class="media-inner interactive" style="text-align: justify;">ТЖМ республика аумағында қар көшкіні қаупі бар аймақтарды белгілеп, тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div> </div> </div>

Қар көшкіні қаупі бар 619 учаске анықталды

Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы мен Қаратау жоталарының беткейлері аса қауіпті аудандар санатында. Мамандар көктемнің басында қар көшкіні жиі болатынын айтып отыр. 

Халықтың, туристер мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 58 рет қарды түсіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілген. Түсірілген қардың жалпы көлемі 42 мың текше метрді құраған.

Қауіпті кезеңдерде көшкін қаупі бар аймаққа халықтың және автокөліктің кіруін шектеу жөніндегі блок-бекеттер қойылады. 

ТЖМ тауға шығар алдында қалың қар түссе, жорықты екі-үш күнге кейінге қалдыруға кеңес береді.

Бөлісу:
Қар көшкіні қаупі бар 619 учаске анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар