Күрес
1 мин оқу 60

Әлем чемпионаты – Үндістанда

<p style="text-align: justify;">26-27 ақпан күндері Үндістанның Дели қала&shy;сында қазақ күресінен әлем чемпионаты түң&shy;лігін түреді. Qazaq Kuresi қауымдастығы ұйым&shy;дастыратын әлем чемпионатының демеушілері &ndash; &laquo;Самұрық-Қазына&raquo; ұлттық әл-ауқат қоры&raquo; акцио&shy;нерлік қоғамы мен Sport Qory.</p>

Әлем чемпионаты – Үндістанда

Дүниежүзілік додаға 20-дан астам елдің балуандары қатысуға өтініш берген. Дели төрінде Әзербайжан, Аргентина, Бразилия, Эстония, Грузия, Нидерланд, Иран, Италия, Жапония, Қырғызстан, Молдова, Мек­сика, Моңғолия, Польша, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан елінің балуандары белдеседі. Ерлер мен әйел­дер арасындағы бәсеке 16 салмақ дәрежесінде өтеді.

Ғани Келдіқұлов баптайтын балуандар Үндістанға де­йінгі оқу-жаттығу жиынын Алматы  қаласында өткізеді. Ұлттық құрама командасының сапында Бекжан Тө­ле­пов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Нұр­­дәулет Жарылғапов, Зарина Сарипова, Рауза Нұр­­ма­хамметова, Роза Нысантайқызы сынды балуандар бар.

Бөлісу:
Әлем чемпионаты – Үндістанда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар