Мәдениет
1 мин оқу 134
Қос мекеме меморандум жасасты
<p style="text-align: justify;">Ұлттық музей мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры тарихи тамыры бір Түркі мемлекеттері мен халықтарының арасындағы мәдени байланыстарды кеңейту мақсатымен өзара түсіністік туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құжатқа Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры президенті Ақтоты Райымқұлова қол қойды.
Меморандумның мақсаты – мекемелер арасындағы серіктестік байланыстарын қолдау мен дамытуға ықпал ету.
Оған Түркі әлемінің материалды-рухани құндылықтарын сақтау және насихаттау саласында түрлі жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар музей ісі саласында ынтымақтастық орнату туралы бөлімдері енді.
Бөлісу: