Оқиға
1 мин оқу 150

Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға 11 ақпан күні сағат 19:40-та Алматы-Ташкент тас жолының 203-ші шақырымында болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен патрульдік көлікпен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарымен Қордай орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. 12 ақпанда Жамбыл облысы ІІД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар