Оқиға
1 мин оқу 250

Балаларға құрт қаптаған ботқа берген балабақшаға айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Аталған облысқа қарасты Қандыағаш қаласындағы &laquo;Самал&raquo; балабақшасында балаларға берілген ботқадан құрт пен қоңыз табылғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Осы оқиғаға орай санитар мамандар тексеру жүргізген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Балаларға құрт қаптаған ботқа берген балабақшаға айыппұл салынды

Құрт қаптаған ботқаны алдымен көрген тәрбиешілер дабыл қаққан.Таңғы тағамда құрт пен қоңыздың өріп жүргеніне аспаздар да, мейірбике де көңіл аудармапты. Бастысы, балалар ауыз тиіп үлгермеген.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Лаура Ршауованың айтуынша тамақ өнімдерін сақтау кезінде температура, ылғал режимі бұзылған.

Сонымен қатар балабақша қоймасы салыстырмалы ылғалды бақылау аспаптарымен жабдықталмаған. Тексерген кезде жарма сақталатын қоймадан жәндіктер табылған. Тәулік сынамасында сұлы ботқасынан қалған сынамада қоңыздар анықталған.

ktk.kz ақпаратында балабақшаға 450 мың теңгедей айыппұл салынғаны айтылған.

Бөлісу:
Балаларға құрт қаптаған ботқа берген балабақшаға айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар