Қоғам
1 мин оқу 141

Қобдада цифрлық тәрбие платформасы іске қосылды

Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы  Талғат Әбен   оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін «Біртұтас тәрбие»  цифрлық платформасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қобдада цифрлық тәрбие платформасы іске қосылды

Бұл жоба оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге,  ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Заманауи технологиялар білім беру үдерісін оңтайландырумен қатар, тәрбие саласына да тың серпін беріп отыр. «Біртұтас тәрбие» платформасы осы бағытта жасалған алғашқы жобалардың бірі. Оның көмегімен мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс нығайып, оқушылардың  ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы артпақшы.

Платформа құрамына енген «Қамқор», «Smart bala», «Шабыт», «Еңбегі адал жас өркен», «Балалар кітапханасы»  жобаларымен  қатар ата-аналарды педагогикалық қолдауға арналған бөлімдер де кірістірілген. Цифрлық платформа көмегімен оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналар мектептегі күнделікті іс-шараларды бақылап, фотогалереялар, әдістемелік ұсынымдар, мониторинг және статистикалық деректер арқылы тәрбие жұмысының тиімділігін бақылайды.  Талғат Әбен  осы жобаны мобильді қосымша ретінде қолданысқа енгізуге кірісіп кетті.

Бөлісу:
Қобдада цифрлық тәрбие платформасы іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар