Ақсу пансионатында зейнеткерлерді ұрып-соғып, киімсіз далада ұстаған
<p style="text-align: justify;">Ақсу қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес, мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды. Пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсізді ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.
«Жәбірленушілердің бірінің жасы 84-те. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.
Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды», делінген хабарламада.