Әлем
1 мин оқу 170
Грекия парламенті жаңа президентін сайлады
<p style="text-align: justify;">Грекия парламенті бұрынғы спикер, «Жаңа демократия» партиясының мүшесі Константин Тассуласты ел президенті етіп сайлады. Оны дауыс беруге қатысқан 276 депутаттың 160-сы қолдаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президент болып сайлану үшін Тассулас кемі 151 дауыс жинауы керек еді. Ол енді Грекияның алғашқы әйел-президенті Катерина Сакелларопулдың орнына келеді. Мемлекет басшысы қызметіне наурыздың 13-нен бастап кіріседі. Константин Тассулас 66 жаста.
Бұған дейін Мәдениет министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Бөлісу: