Спорт
1 мин оқу 170
Хоккейші қыздар Қытай құрамасын жеңді
<p style="text-align: justify;">Еске салайық, қысқы Азия ойындарында хоккейден А тобындағы Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы ойында Жапониядан жеңіліп қалған болатын, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Бүгін А тобының екінші ойынында отандастарымыз қытайлықтармен кездесті. Надежда Филимонова алғашқы шайбаны соғып, командаға басымдық сыйлады. Алайда, қарсылас есепті теңестіріп үлгерді. Ал шешуші мезетте Александра Шегай жеңіс шайбасын соқты. Сөйтіп, хоккейшілеріміз Қытай құрамасын 2-1 көрсеткішімен ұтты.
Енді ертең шешуші матчта Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш сынасады. Ойын сағат 7:00-де басталады.
Бөлісу: