Ұлттық спорт
2 мин оқу 230

Асау құрықтаған жігіттер

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында &laquo;Асауды құрықтаған ауылымның жігіттері&raquo; атты аудан біріншілігі өтті. Сайыста әр ауылдық округтен сайланып келген шабандоздар шу асауды құрықтап, бас білдіріп жарысты.</p>

Асау құрықтаған жігіттер

Ұлттық спорттың бір түрі дерлік осынау са­йысты Қаратөбе спорт клубының жетекшісі Бауыр­жан Шүрмен ауданда тұңғыш рет ұйымдастырып отыр. Жарыс­қа бас-аяғы 7 команда қатысты. Сайыс шарты бойынша әр команда үш адамнан құралып, белгі берілісімен іске кіріседі. Олар үйірлі жылқының ішінен көрсетілген асауға құрық тас­тап, жайдақ мініп, 3 минут бойы түспеуге тиіс.

«Әдетте асауды күртік қарда немесе көктемгі тоң түскен лайсаңда үйретеді. Бұл жолы бәрі көз алдымызда болсын деп, кең аулада өткіздік. Тебінде жүр­ген шу асау қысырақтың үйі­рін арнайы айдатып алдыр­дық», дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин.

Ақтайсай ауылдық округіне қарасты Әйіш қыстағында өткен сайыстың нәтижесінде Сарал­жын ауылынан келген жігіттер командасы бірін­ші орынды жеңіп алды. Жанас Баймұқан, Мейір­бек Аман­тай, Ерасыл Қарабек есім­ді жігіттерден құралған топ 19 секундтың ішінде асауды құ­рықтап, тақымға басып үлгерді. Жанас Манасұлы – көкпар ша­уып жүрген жас шабандоз, са­­йыс туралы хабарды естіп қалып, Оралдан арнайы жетіпті. Ол үш минуттың ішінде асаудың қытығына тиіп, тулатып-мөң­кітсе де тақымын жазбады. Же­ңім­паздар 50 мың теңгелік серти­фикатқа ие болды.

2-орын 24 секундта асауды тақымдаған Қаратөбе ауда­ны­ орталығы командасына бұ­йыр­ды. Олардан 3 секунд қана ке­шіккен Қалдығайты ауылының шабандоздары 3-орынға тұрақ­тады. Бұл командалар 40, 30 мың теңгенің жүлдесін қанжығаға байлады.

Айта кетейік, Қаратөбе спорт клубының жетекшісі Бауыр­­жан Серікұлы өңірде ат спортының дамуына ерекше еңбек сіңіріп ке­ле­ді. Қазір ауданда көкпар­шы­лар командасы қалыптасып, додаға түсер дүлей аттарды сонау Қырғыз елінен алдыра бастапты. Кейінгі кезде ауданда түрлі тақырыпқа атты жорық, ұлттық сайыс жиі ұйымдастырылып жүр.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Асау құрықтаған жігіттер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар