Тағзым
1 мин оқу 62

Аңызға айналған тұлға

<p style="text-align: justify;">Балалар хирургиясы, педиа&shy;т&shy;рия, травматология, анестезио&shy;ло&shy;гия салаларының негізін қа&shy;ла&shy;ған медицина ғылым&shy;дары&shy;ның докторы, профессор, ҰҒА ака&shy;демигі Камал Сәруәрұлы Ор&shy;ман&shy;таев бақиға озды. Бұл ұлт&shy;&shy;тық медицинаның тұтас бір дәуірі көшіп бара жатқандай әсер қалдырды...</p>

Аңызға айналған тұлға

Ғалымның балалар хирур­гиясының, оның ішінде нә­рестелер хирургиясының негізін қалауға сіңірген еңбегі өлшеусіз. Осы салада алғашқы ғылым докторы атанып, саланы тәжірибеде ғана емес, ғылыми тұрғыда зерттеп, өркендеу жолына бағыттай білді. Нәрестелер хирургиясы түсінігінің қалыптасуына ық­пал еткен профессор балалар хирургиясы кафедрасын жеке бөліп шығарып, шағын бір курстың үлкен бағытқа айна­луына аянбай тер төкті. Педиа­трия және балалар хирур­гия­сы ғылыми орталығы бас­шы­лығында ұйымдастыру ісі мен тәжірибені қатар ала жүріп, білікті шәкірттер тәрбиеледі. Ұстаз салған сүрлеумен көптеген шәкірті ғылым соқпағына түсті. Ғылыми педиатр балалар хирур­гиясы, анестезиология-реаниматология, ортопед-травматолог мектебінің негізін қалады. Егемендік алған жылдардан бас­тап медицина, соның ішінде балалар хирургиясы іс-қағаздары мен ғылымын мемлекеттік тілде жүргізуге белсене кірісті.

Барлық салада жақсы маман болып қалыптасу үшін білік­ті ұстаз керек. Ал ұстаз жа­уапты шәкірт даярлауда­ зор жауапкершілік жүгін арқа­лайтыны заңдылық. Бүгінде отандық сала мамандарын алыс-жақын шетел – Камал Орман­таевтың шәкірттері ретінде таниды. Өз ісінде ардан таймаған, қолы алтын ардақты ұстаздың артында қалған мол мұрасы, айтулы еңбектері әлі де ұзақ жыл ұлт медицина саласының дамуы­на азық болатыны сөзсіз.

Асылжан ЕРЕКЕШОВ,

«Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» АҚ

басқарма төрағасының орынбасары

Бөлісу:
Аңызға айналған тұлға · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар