Қаржы
1 мин оқу 70

Қаржылық бақылаудың тиімділігі мол

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі саналатын ішкі мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау қызметі бюджет қаражатын, квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану барысындағы айқындылықты, тиімділікті, жауапкершілікті арттыруға бағытталған.</p>

Қаржылық бақылаудың тиімділігі мол

Осы орайда Қы­зылорда облысы бо­йынша ­іш­кі мем­лекеттік ­аудит департаменті заң талаптарына сай, табанды, нәтижелі жұмыс­ атқарып келеді. Оған өткен жылы жүргізілген аудитор­лық қызмет көрсеткіштері нақ­ты дәлел. Департамент тара­пы­нан Қызылорда облы­сын­дағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық ша­руашы­лықтары, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, су шаруашы­лы­­ғы салалары бойынша жүргізіл­ген барлығы 84 аудиторлық іс-шарамен 34 492,3 млн теңге қаражат қамтылып, нәтижесін­де, жалпы сомасы 16 392,4 млн теңгеден астам бұзушылық анықталды. Оның ішінде қар­жы­лық ден қою шараларымен бюджетке өтелгені, қалпына келтірілгені  8 851,1 млн теңгені, немесе 95,1%-ды құрады.

2015 жылғы 12 қараша­дағы №392 «Мемлекеттік аудит және қар­жылық бақылау тура­лы» заң­­­ның 5-бабына сәй­кес қа­зір­де Депар­тамент анық­та­ған бұзу­шылыққа қатыс­ты мем­лекеттік қар­жылық бақы­лаудың ден қою шараларын жүргізу жұмысы жалғасып жатыр.

Мұрат ЕСЕНБАЕВ,

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті сәйкестік аудит бөлімінің басшысы

Бөлісу:
Қаржылық бақылаудың тиімділігі мол · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар