Қоғам
1 мин оқу 90

Керек дерек

<p style="text-align: justify;">Алдағы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгеріс күшіне енеді. Бірақ бұл ереже биылғы 24 наурыздан бастап елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты болмақ.</p>

Керек дерек

Ел аумағында бұрыннан бар, идентификациялық кодтар дерекқорына (ИКД) енгізіл­ген телефондар ешқандай шек­теу­сіз жұмысын жалғастыра­ды. Бұл жаңашылдық тіркеу жү­йесін одан әрі жақсартып, алаяқтыққа қарсы күресуге, тұтынушылардың құқығын қорғауға, мобильді құрыл­ғыны пайдалану қауіпсіздігін арт­тыруға бағытталған.

Бүгінде елімізде, шамамен 3,7 миллион қай­та­ланған IMEI-коды бар құ­рылғы тіркелген. Олардың заң­сыз әкелінуі айтарлықтай эко­номикалық және әлеуметтік мәселе туындатады. Мұндай мобильді құрылғылар нарығы құрылғылардың заңды айналымын бақылауды қиындатып, телефон ұрлығының көбеюіне ықпал етеді. Бір жағынан, әді­летсіз бәсекелестік туғызады. Осы мәселені шешу мақса­тында жаңа ереже енгізіліп, мобильді құрылғылар нары­ғының ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қарастырылған.

Жаңа ережеге сәйкес тір­кеу кезінде арнайы жүйемен мынадай өлшемдерді тексереді: бірінші – құрылғы IMEI-кодының түпнұсқалығы, екін­ші – IMEI-кодтың GSMA халық­аралық базасында ұрланған, бұғатталған немесе жоғалған құрылғылар тізімінде болмауы, үшінші – құрылғының елімізге заңды түрде әкелінгені.

Қайсар ҚҰСАЙЫН 

Бөлісу:
Керек дерек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар