Оқиға
1 мин оқу 155

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Бүгінде елімізде&nbsp;2&nbsp;млн 445 мың мың зейнеткер бар.&nbsp;Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге &ndash; 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге &ndash; 234,2 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

«2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 248 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 789 теңге, базалық зейнетақы – 47 459 теңге», деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылған еді.

Бөлісу:
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар