Спорт
1 мин оқу 170

Ерлер құрамасы хоккейден Азиада чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-ші алтын медаль түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ерлер құрамасы хоккейден  Азиада чемпионы атанды

Хоккейден ерлер құрамасы финалда 5-0 көрсеткішімен Жапонияны жеңді.

Сала министрлігінің мәліметінше шайба соққандар: Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд), Дмитрий Бреус (21:02), Роман Старченко (37:59), Кирилл Панюков (42:24), (44:23).

Ерлер құрамасы барлық матчта жеңіске жетті. Нақты атағанда, топтық кезеңде Қытай, Жапония, Тайпей және Оңтүстік Кореяны ұтып, ширек финалда Гонконгты, ал жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.

Айта кетсек, қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.

Бөлісу:
Ерлер құрамасы хоккейден Азиада чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар