Жәдігер
1 мин оқу 150

Музейге сый

<p style="text-align: justify;">Кеген аудандық тарихи-өл&shy;кетану музейінде &laquo;Музейге сый&raquo; акциясы өтті. Мәдениет са&shy;ласының өкілдері, ғалымдар, археологтер және тарихшы&shy;лар қатысқан іс-шарада Аспантау өлкесінен табылған көне жә&shy;дігерлер музей қорына тапсырылды.</p>

Музейге сый

Бұл іс-шара – өңір тарихын зерттеуге, мәдени мұраны сақтауға және болашақ ұр­паққа жеткізуге бағытталған маңыз­ды қадам. Табыс етілген жәдігерлер қатарынан көне қорымдардан та­былған археологиялық артефактілер мен ерекше тарихи мұраларды көруге болады.

в

«Ұзынбұлақ қорымынан табылған (VII–IX ғғ.) темірден жасалған жебе ұштары, темір үзеңгі мен ілмекті белдік, жылқы әбзелдерінің темір фраг­менттері, қола пластиналы жапсырмалары бар ағаш қалдықтары, қола ілмекті белдік, жауынгер белдігінің қола жапсырмалары, пышақтың ұшы, оюлы қыш құмыра фрагменті бар. Сондай-ақ Ұйғыр ауданы Шошанай ауы­лы маңынан 2023 жылдың мау­сым айында табылған петроглиф тас та музей қорына табыс етіл­ді.­­­­­­­ Бұл жәдігерлер аймақтың бай мәдени-тарихи мұрасын таныстыруға, қазақ даласында өмір сүрген ежелгі өркениет іздерін зерттеуге мүмкіндік береді. Көптеген артефакті – ерте түркі дәуі­рінің әскери, шаруашылық және тұр­мыстық заттары», дейді Алма­ты об­лыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың бас инс­пекторы Еркебұлан Бақабаев.

а

Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы 2022 жылдан бас­тап тарихи-мәдени ескерткіштерді жинақтау жұмысымен айналысып келеді. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалым­дары атсалысып, бұзылу және тоналу қаупі төнген обаларға археология­лық қазба жұмысын жүргізіп жатыр. Музей қорына тапсырылған жәді­герлер табанды еңбектің нәти­жесін көрсетеді.

Алматы облысы,

Кеген ауданы 

Бөлісу:
Музейге сый · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар