Президент
1 мин оқу 172
Мемлекет басшысы Сербия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады.</p>

Қазақстан Президенті жеделхатында Сербияны Балқан түбегіндегі дамуы тұрақты, инфрақұрылымы өркендеген әрі мәдени мұрасы бай ел ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Вучичке жылы лебізін жеткізіп, серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.
Бөлісу: