Төтенше жағдай
1 мин оқу 143
Қостанайда өрт шыққан үйде 25 адам қалып қойған
<p style="text-align: justify;">Қостанайда жанып жатқан үйде 25 адам қалып қалғаны анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ТЖМ мәліметінше, Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде тоңазытқыш пен кассалық аппарат өртенген.
«Жедел келген өрт сөндірушілер 5 ш.м. алаңдағы өртті сөндіріп, жоғарғы қабаттардан 25 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!» - делінген хабарламада.
Бөлісу: