Алматы
1 мин оқу 130

Алматы зообағы басқа қалаға көшіріле ме? Әкімдік жауап берді

<p>Алматы қаласының мәдениет басқармасы зообақтың қазіргі орнында қала беретінін және оның басқа қалаға көшірілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы зообағы басқа қалаға көшіріле ме? Әкімдік жауап берді

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, зообақты қайта жаңарту және халықаралық стандарттарға сай модернизациялау жоспарланған.

«Алматы қаласының аумақтық даму жоспарына сәйкес, зообақты зоогеографиялық қағидаттарға сай жаңғырту және қайта құру көзделген. Қайта құру жұмыстары 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», – делінген басқарма хабарламасында.

Ресми мәліметке сәйкес, алдағы жаңарту жұмыстары жануарлардың өмір сүру жағдайын жақсартып, келушілер үшін ыңғайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу:
Алматы зообағы басқа қалаға көшіріле ме? Әкімдік жауап берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар