Экология
1 мин оқу 100

Экожүйені сақтауға 2,5 млрд текше метр су жіберіледі

<p style="text-align: justify;">Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғау үшін биыл 2,5 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Экожүйені сақтауға 2,5 млрд текше метр су жіберіледі

Су шаруашылығы ғимараттарын дамыту департаментінің директоры Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша министрлік 219 көлді суға толтыруды, 204,2 мың гектардан астам шабындық алқап пен 5,23 мың гектар орманды жерді сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

«Бұл – су көздеріне жақын орналасқан аудандардағы экологиялық жағдайды және сумен жабдықтауды жақсартады. Барлық іс-шараларды жүзеге асыру құрғақшылық қаупін азайтуға, жем-шөп алқаптарының сапасын жақсартуға, ауыл шаруашылығы мен жергілікті экожүйенің тұрақты дамуына тиімді ықпал етеді», деді ол.

Бөлісу:
Экожүйені сақтауға 2,5 млрд текше метр су жіберіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар