Алматыда робототехника және дрондар чемпионаты өтеді
<p style="text-align: justify;">20-23 ақпан күндері Алматыда өтетін Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Tech Cup чемпионаты су ресурстары мен су асты әлемін зерттеудің жаһандық мәселесіне арналады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Чемпионат 4-18 жас аралығын қамтиды. Жүлде 4 жас санаты бойынша жеке үлестіріледі. Командалар АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласында өтетін әлемдік кезеңде ел намысын қорғау үшін бақ сынайды.
Ал дрондар сайысы ASPAN Drone Competition — дрондарды бағдарламалау және басқару, ASPAN Cyber Competition — VelociDrone симуляторындағы виртуалды жарыстар, ASPAN Drone Race — FPV (First Person View) сынды бағыттарды қамтиды.
Жеңімпаздар Оңтүстік Корея, Еуропаның бірнеше елдері, Қытай және Түркиядағы чемпионаттарда Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік алады.