Президент
1 мин оқу 120
Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жеделхатта Литва Республикасы бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған.
Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Бөлісу: