Аймақтар
1 мин оқу 100

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

<p style="text-align: justify;">Қолайсыз ауа райына байланысты 15:00-ден бастап, СҚО, Ақмола, Қостанай облысындағы республикалық маңызы бар автожол учаскелері жабылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 794-946 шақырым аралығы (Бескөл ауылы - Сергеевка қаласы);

«Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 729-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Қостанай облысының шекарасы);

«Мамлютка-Қостанай» автожолының 0-180 шақырым аралығы (Мамлютка қаласы - Қостанай облысының шекарасы);

«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолының 58-119 шақырым аралығы (Тимирязево ауылы - KАZ13 жолы);

«Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» автожолының 0-32 шақырым аралығындағы (Қостанай облысының шекарасы - Тимирязево ауылы) жолдар жабық. 

Ал Ақмола облысындағы «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 856-915 шақырым аралығында (СҚО шекарасы-Жақсы ауылы) көлік қозғалысы шектеліп отыр. 

Қостанай облысындағы «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 683-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы) мен «Мамлютка-Қостанай» автожолының 180-250 шақырым аралығы жабық (СҚО шекарасы - Ұзынкөл ауылы).

Жол учаскелерін 18 ақпан 9:00-де  ашу жоспарланған.

Бөлісу:
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар