Қоғам
2 мин оқу 60

Тараз шеберлерінің тартуы

<p style="text-align: justify;">Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан көне Тараз шаһары үш жыл бұрын Дүние&shy;жүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енді. Байырғы дәуірде-ақ қолөнер шеберлерінің таңдаулы туындыларымен талай жұртты тәнті еткен Таразда соңғы жылдары халықаралық қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастыру дәстүрге айналды. Белгілі мамандар сол іс-шарада өзара тәжірибе алмасып жүр.</p>

Тараз шеберлерінің тартуы

Әрісі АҚШ, берісі көршілес мемлекеттерден арнайы ат басын бұрған мәртебелі меймандар Тараз төрінде қолөнер шеберлеріне көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдіргені жадымызда. Содан да болса керек, жергілікті қол­өнер шеберлері халықаралық байқауларға қатыса бастады.

Төл туындылары бірнеше мемлекеттегі әріптестері тарапынан мойындалған тараз­дық қолөнершілер Индоне­зия елінде басталған халықара­лық «INACRAFT-2025» көрме­сіне қатысып, ұлттық мұраны насихаттап қайтты. Белгілі ма­ман­дардың айтуынша, әлемнің бір­неше елінен майталман қол­өнер шеберлері қатысатын көрменің қай кезде де бәсі биік. Бұл өз кезегінде тараздық мамандардың тәжі­рибе алмасуына зор мүмкіндік туғызады.

«Қолөнершілердің халық­аралық көрмесі 25 жыл бойы тұрақты түрде ұйымдастыры­лып жүр. Индонезиядағы ау­қымды мәдени іс-шараға Орта Азия, Оңтүстік Азия елдері­­­нің өкілдері және Дүниежүзілік қолөнершілер тізіміне енген қа­­ла­­лардың мамандары қатыс­қанын айта кеткен жөн.

Қатысушы мемлекет өкіл­де­рі негізінен ұлттық бағыт­та­ғы туындыларын ұсынғанын бай­­қадық. Сол тұрғыдан ал­ған­да біздің шеберлердің шы­ғар­ма­ла­рынан да сәйкестік бай­қа­лады.

Қалай десек те ұлттық танымынан тамырын ажыратпаған ел екенімізді таныттық деген ойдамын. Ең бастысы, көрмеге келген меймандар біздің қол­өнершілердің туындылары­на аса қызығушылықпен қарап, олардың шеберлігіне тәнті болды. Қысқасы, біз Индо­не­зияда қазақтың төл мәдение­тін наси­хаттадық. Мұның бәрі мем­лекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болғанын айта кеткен ләзім. Жалпы ал­ғанда, қолөнер шеберлеріне қай кезде де қолдау көрсетуге әзірміз», дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Әлімжанқызы.

Делегаттардың арасында жылдар бойы ғажап туындыларымен талай маман­дарды тәнті еткен Анар Бек­сұлтанова да бар. Оның айтуынша, төрт күнге созылған іс-шара жоғары деңгейде ұйым­дастырылған. Ал көрмеге кел­ген қарапайым ха­лық тараз­дық қолөнершілердің еңбегін жоғары бағалаған.

«Біз Дү­ниежүзілік қолө­нер­шілердің тізіліміне ұлт­тық киімдер арқылы енгенбіз. Сон­дықтан осы көрмеге ұлттық киім­дерді және төрге ілетін тұс­киіз, сырмақ, шапан, жа­да­­ғай, киізден жасалған аяқ­киім, бас­киім, түрлі сөмкені апар­дық. Сарап­шы­лар тарапынан біз апар­­ған киімдер мен бұйымдарға зор қы­зы­ғу­шы­лықты байқадық.

Жергілікті халық та мәде­ниетіміз бен тарихымызға қатысты түрлі сұрақ қойып, жауап алды. Қалай десек те, Индонезиядағы іс-шара біз үшін табысты болды деп айтуға толық негіз бар. Әріп­тестерімізбен тәжірибе ал­мастық, әртүрлі тақырыпта ой бөлісіп, бір жасап қалдық», дейді А.Бексұлтанова ағынан жарылып.

Тараз 

Бөлісу:
Тараз шеберлерінің тартуы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар