БҚО-да балықтарды аман алып қалу амалы жасалды
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ұсақ су айдындарында мұз қабатының түзілуіне байланысты суда еріген оттегінің жетіспеуі салдарынан балықтың қырылу қаупі пайда болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биыл қыс мезгілі салыстырмалы түрде жылы болғанымен, өңірдегі көптеген су айдындарында мұздың қалыңдығы 40 см-ге дейін жетеді, бұл – балықтардың жаппай қырылу қаупін тудырады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше министрлікке қарасты Балық шаруашылығы комитетінің тапсырмасы бойынша Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары балықты құтқару мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл ретте, әсіресе, тереңдігі аз су айдындарына ерекше көңіл бөлініп отыр.
Қазіргі уақытта: 136 000 ойық бұрғыланып, оттегімен байытылған 5000 текше метрден астам су айдындарға жіберілген, оған 657 адам және 167 техника бірлігі жұмылдырылған.
Аталған жұмыстар жалғасып жатыр.