Аймақтар
1 мин оқу 36

«Жас сарбаздар» қыра­­ғылығы

<p style="text-align: justify;">Қазір мектептер мен арнайы оқу орындарында жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеу мақсатында көптеген ұйым мен үйірме қызмет атқаратыны белгілі. Жемісі де, жеңісі де көңілге жылылық ұялатады. Жақында Көкпекті ауданының &laquo;Жас сарбаз&raquo; сыныбының оқушылары кейуананың өмірін сақтап қалды.</p>

«Жас сарбаздар» қыра­­ғылығы

Аудан орталығындағы мектеп­тің оқу­шылары «Үлкенге құрмет» ак­циясы­ның аясында қариялардың аулаларын қардан тазартып, үй жұ­мы­сына көмектесіп жүріп оқыс оқи­ғаның қаһарманына айналып шыға келген. Кезекті мәрте қол­ғабыс етуге шыққан Расул Бақ­тыбеков, Ертай Айыпқазы, Ера­сыл Дәуітхан жал­ғыз­басты ауыл тұрғыны Фелисада Ара­­беж әжей­дің үйіне арнайы бас сұғып, бір жамандықты сезген жас­өс­і­пі­­рім­­дер бірден іске кіріседі.

«Әжейдің үйіне офицер-тәр­бие­шіміз Талғат Тоқтарұлының жетек­шілігімен бардық. Біз келгенде үйдің ішкі жарығы қосы­лып тұрды. Есікті қағып, қоңырау соғып едік, жауап болмады. Бұл бізге күмән туғызды. Көршілерден әжейді соңғы рет қашан көргенін сұрадық. Олардан қарияны екі күннен бері сыртқа шықпаға­нын ести сала шұғыл әрекет жасауға ше­шім қабылдадық», дейді оқушы­лардың бірі Ертай Айып­қазы.

Көршілермен бірге терезені сындырып, ішке енген оқушылар әжейдің ес-түссіз жерде жатқанын көреді. Бірден жедел жәрдем шақы­рып, дәрігерлер қажетті ем-до­мын жасаған. Осылайша, оқушы­лар мен тәрбие­шілердің қыра­­ғылығы арқасында 85 жас­тағы қария өлім аузынан аман қалды. Қазір Фелисада Арабеж емханадан шыққан, жағдайы бір­қалыпты.

Аудан әкімдігі Көкпекті орта мектебі­нің «Жас сарбаз» сыны­бының оқушылары мен жетекшісіне алғыс білдіріп, олар­дың ерлігі мен адамгершілігінің көпке үлгі екенін атап өтті. Бүгінде жас жеткін­шек­тер облыстық еріктілер форумына шақыр­ту алып, елдің қошеметіне бөле­ніп жүр.

Абай облысы 

Бөлісу:
«Жас сарбаздар» қыра­­ғылығы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар