Президент
1 мин оқу 170

Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды

<p style="text-align: justify;">Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды.
 
1
 
Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.
 
2
Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар