Жәдігер
1 мин оқу 70

Саха жазушыларының сыйлығы

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Ғ.Мүсірепов музей-үйінің экспозициясына саха жазушыларының Ғабеңе берген сыйлығы &ndash; кездік қынымен қойылған. Кездік пілдің сүйегінен жасалған. Сыртқы бөлігіне жүрек тәріздес оюлар және түрлі-түсті өрнектер түскен.</p>

Саха жазушыларының сыйлығы

Кездіктің түсі – ашық қоңыр. Сабының жо­­ғарғы бөлігінде «Яку­­тия. 50 лет ЯАССР» деген жазу бар. Жүзінің екі жағы екі түрлі. Бір жағы дөңестеніп жа­­салса, екінші жағына ойық түскен. Жүзіне кигізілген қы­нының ұзындығы – 15 см. Жо­ғарғы тұсына «Г.М.Мусрепову от Якутских писателей» деген жазба түскен. Қынына жіп өткізетін тесік жасалған. Жалпы бағасы – 57 сом, 80 тиын екендігі көрсетілген. Кездіктің жалпы ұзындығы – 26 см; сабының ұзын­дығы – 11 см, ені – 3 см; жүзінің ұзындығы – 12 см.

Якут пышағы – осы халықтың музыкалық аспабы хомус, гауһар тастар және батырлық эпосымен қатар ең танымал ұлттық бренді. Кездік – ұл бала дүниеге келген кезде салтанатты және айтулы күндерге берілетін құнды және естелік сыйлық. Ол ерекше құрметті, өте сыйлы, ең сенімді адамдарға берілетін болған. Яғни бұл сыйлық якут жа­зушыларының Ғабеңе деген құрметін, ыстық ілтипатын аңғартса керек.

Рашида ОТАР,

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ғылыми қызметкері

Алматы

Бөлісу:
Саха жазушыларының сыйлығы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар