Қоғам
1 мин оқу 72

«Қазсушар» филиалдары жаңа техникалармен толықты

<p style="text-align: justify;">Тасқынға дайындық шеңберінде сала министрлігі &laquo;Қазсушар&raquo; филиалдарын 84 жаңа техникамен қамтамасыз етті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Қазсушар» филиалдары жаңа техникалармен толықты

Филиалдарға 8 автокран, 14 самосвал, 7 трактор, 23 тиегіш, 32 газель алынған. Бұл – министрліктің кешенді жоспарының бір бөлігі ғана, ведомство алдағы уақытта техникалардың 65-70%-ын жаңартуға ниетті. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша министрлік «Қазсушар» филиалдарын жалпы саны 757 жаңа техника және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

«Оның ішінде шынжыр табанды техника, эксковаторлар, ауыр жүк көліктері, тракторлар бар. Бұдан бөлек, жаңадан 8 жерснаряд алынады, бұл – су қоймасының түбін түрлі шөгінділерден тазартуға арналған кемелер. Арнайы техника – су тасқыны қаупін азайтуға, каналдардың су өткізу қуатын арттыруға, қосымша бос орын есебінен су сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», деді вице-министр.

Бөлісу:
«Қазсушар» филиалдары жаңа техникалармен толықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар