Оқиға
1 мин оқу 90

Алматы облысының бұрынғы әкімі өмірден өтті

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысының бұрынғы әкімі өмірден өтті
«Қоғам және мемлекет қайраткері, ардақты азамат, асыл дос Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлының дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай ауыр күнде қаралы көңілдеріңізге жұбаныш, қайысқан қабырғаларыңызға медет тілеймін», деп жазды депутат.

Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов 1966 жылы дүниеге келген. Ол еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласынан бастап, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Алматы облысының әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты сынды қызметтерді атқарған.

Аңсар Мұсаханов 2011-2014 жылдар  Алматы облысының әкімі болды. 

Бөлісу: