Теннис
1 мин оқу 70
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Біріккен Араб әмірліктерінде өтіп жатқан турнирде Елена Рыбакина әлемнің 10-шы ракеткасына қарсы бақ сынады. Паула Бадосамен кездесуде жеңіс отандасымыздың еншісіне жазылды. Үш сетте қорытынды есеп - 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2).
«Екінші сеттегі тай-брейкте Елена 3:6 есебімен жеңіліп жатқан еді. Алайда төрт матч-болда басым түсіп, 10:8 есебімен жеңіп кетті», делінген федерация хабарламасында.
Енді отандасымыз ширек финалда америкалық София Кенинмен өзара мықтыны анықтайды.
Бөлісу: