Руханият
1 мин оқу 140

Ассамблея - бірлік пен келісім үлгісі

<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде Ассамблеяның 30 жылдығына орай бірқатар шара өтті. Соның бірі &laquo;Бірлік пен келісімге 30 жыл&raquo; республикалық конференциясы, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ассамблея - бірлік пен келісім үлгісі

Конференция аясында ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарын, Ақсақалдар және Аналар кеңесін, этномедиацияны дамытудың негізгі аспектілері, сондай-ақ жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жастар бастамалары талқыланды. ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығының маңыздылығын атап өтіп, атаулы датаға орайластырылған іс-шараларды сапалы өткізудің, әсіресе XXXIV сессиясы мен ҚХА өңірлік сессияларына дайындықтың маңыздылығын атап өтті.

Конференция барысында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы, ҚР МАМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова Ассамблея қызметінің ғылыми-әдістемелік базасы туралы айтты.

Сонымен қатар этномедиация кеңесінің төраға орынбасары, «Парасат» медиация және құқық орталығының басшысы Гүлмайдан Урозбаева «Этносаралық ерекшеліктер және медиация» мамандандырылған курсын таныстырды.

2025 жылғы 19-21 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында этномедиация саласындағы білім мен дағдыларды жетілдіруге бағытталған семинар-тренинг жоспарланған.

Шаралар аясында Ақтөбе облыстық Ассамблея жастары өкілдігінің жастарға арналған коворкинг орталығы ашылды. Конференцияға қатысушылар өңірдегі ҚХА жастар қанатының қызметімен танысты.

Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақтөбе облысындағы іс-шаралары жалпыұлттық бірлік пен этносаралық келісім құндылықтарын ілгерілетудегі маңызды қадам болып отыр.

 

Бөлісу:
Ассамблея - бірлік пен келісім үлгісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар