Атаулы жылдың жоспары

<p style="text-align: justify;">Жұмысшы &ndash; мән-маңызы, күш-қуаты жоғалмайтын буын. Жұмысшы мамандығына қолдау көрсету де осы маңыз&shy;ды&shy;лықтан туындаса керек. Маңғыстауда &laquo;Жұмысшы мамандықтары жылын&raquo; танымал ету бағытында өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. Оның іске асырылуын Маңғыстау облысы әкімдігі тұрақты бақылап отырады.</p>

Атаулы жылдың жоспары

Қазіргі таңда өңірдегі 26 колледжде 22012 студент білім алады. Соның ішінде 89 мамандық, 129 біліктілік бойынша еңбек нарығына қажетті мамандар білім алса, 15 колледжде 3 955 студенттен 24 мамандық, 29 біліктілік бойынша жұмысшы кадрлары даярланып жатыр.

Маңғыстау облыстық білім басқармасы Техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Жания Оңалбаеваның айтуын­ша, жұмысшы, еңбек адамын дәріптеу мақсатында өңірлік іс-шаралар жоспары облыс әкімінің өкімімен бекітілді. Сондай-ақ жоспарға мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер мен білім беру мекемелері арасында өткізілетін 112 іс-шара енгізілді.

Іс-шаралар жоспарын жү­зеге асыру үшін жұмысшы то­бы құрылып, медиа-жоспар жасалды.

– Осы бағытта кең көлем­де ақпараттық-түсіндіру жұмыс­тары басталды. Жоспарда 2025–2026 жылдары оқу-зертханалық ғимарат, ІТ hub ашу, халықаралық салалық аккредиттеуден өту, жұмыс беруші қаражаты есебінен құзыреттік орталықтарын ашу, жұмыс берушілердің нақ­ты тапсырысы бойынша мақсат­ты бі­лім беру тапсырысын ұл­ғай­ту, «Су мен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазар­ту құ­рылыстарын пайдалану», «Гидр­огеология және инже­нер­лік геология» сынды екі жаңа мамандық ашу, көлік, қызмет көрсету, құрылыс салалары бо­йынша студенттік жасақ құру іс-шаралары жоспарланды, – деді Ж.Оңалбаева.

Жақында өңірде «Адал еңбек – адал табыс» тақырыбында «Жұмыс­шы мамандықтары жылы» сал­танатты түрде ашылды. Енді жұ­мысшы мамандығын қолдауға қатысты іс-шаралар түрлі деңгейдегі ақпарат құралдары арқылы жарияланып отырады. Бұл – жастардың және азаматтардың барлық мүдделі санаттарының жұмысқа орналасу, біліктілігін арттыру және кәсіби өсу үшін қолжетімді мүмкіндіктер тура­лы кеңінен хабардар болуын қамтамасыз етеді.

 – Орта мектептерде кәсіби бағдар беру кабинеттері жасақ­талады. Соның аясында колледж­дер тарапынан жаңа жобалар іске асады. Осы іс-шаралардың барлығы жұмыс берушілер, білім беру мекемелері мен жастар арасында берік байланыс орнатуға, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға, сондай-ақ Маңғыстау облысында жастардың жұмысқа орналасуы мен мансаптық өсуі үшін мүмкіндіктерді жақсартуға көмектеседі, – деді Ж.Оңалбаева.

«Жұмысшы мамандықтары жылы» тек әдемі іс-шаралардың емес, жұмысшылар мен студенттер үшін, сондай-ақ жұмысқа орналасамын, біліктілігімді арттырамын дегендер үшін шын мәнінде табыс­ты болады деп сенеміз.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Атаулы жылдың жоспары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар