Әлем
1 мин оқу 90
Сирияда жарылыс салдарынан 7 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Сирияның солтүстігінде Алеппо провинциясындағы Нейраб қаласында оқ-дәрі жарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

«Алепподан шығысқа қарай орналасқан Нейраб қаласында оқ-дәрі сақталған үйде жарылыс болып, жеті адам қаза тапты. Сондай-ақ бірнеше адам жарақат алды», делінген телеарна таратқан хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылы қарашаның соңында қаруланған оппозициялық топ сириялық әскерге ауқымды шабуыл жасады. 8 желтоқсанда Сирия астанасы Дамаскте оппозиция күштері президент Башар Асадтың отставкаға кетуін талап етіп, ол елден кетуге мәжбүр болды.
Бөлісу: