Дін
1 мин оқу 250

Рамазан айына 4 күн қалды

<p style="text-align: justify;">Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Рамазан айына 4 күн қалды

Кестеге сәйкес биыл ораза 29 күнге созылады.

Рамазан – мұсылманның тән ләззаттарынан уақытша тыйылып, рухани әлеуетін арттыратын қасиетті ай. Бұл айда адамдар құдайға құлшылығын арттырып, ізгі әрекеттерді көптеп жасауы тиіс.

Сондай-ақ бұл айда тамақтан ғана емес, бейпіл сөздер мен қажетсіз әңгімеден де тыйылған дұрыс. Бұл туралы Шәкәрім Құдайбердіұлы «Мұсылмандық шарты» еңбегінде былай дейді:

«Қалай болса солай күнәдан тыйылмай, аузына не келсе соны сөйлеп жүргендей ораза сауапты болмайды. Бәлкім, қабыл да болмас деген қауіп бар».

Бөлісу:
Рамазан айына 4 күн қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар