Қызылордадағы түнгі клубтан азот толтырылған шарлар табылды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс орталығындағы түнгі клубтың бірінде азот оксиді құйылған шарлар ашық сатылып жатқаны туралы әлеуметтік желіде жарияланған дерекке байланысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 10 литрлік 2 баллон, полиэтилен пакетке салынған шарлар, кальян табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Қазір дәрiлiк немесе басқа да құралдарды пайдаланып, есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау бойынша ҚР ҚК 310-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды.
Полицейлер алдағы уақытта өзге де ойын сауық орталықтарына тексеру жүргізеді.