Аймақтар
1 мин оқу 70
БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Өнеге ауылының маңындағы Казталовка – Жәнібек тас жолында ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ford Focus көлігі Chevrolet Cobalt-пен бетпе-бет соқтығысқан.
- Апаттан бірер минут бұрын Ford Focus жүргізушісі алдындағы жүк көлігін басып озуға тырысып, қарсы жолаққа шыққан. Екі жүргізуші де, сондай-ақ Chevrolet Cobalt-тағы жолаушы да қаза тапты. Марқұмдар 22, 34 және 37 жаста болған, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Тағы төрт ер адам БҚО-дағы Жәнібек ауданының ауруханасына жеткізілді, олардың біреуінің жағдайы ауыр. Дәрігерлер қалған үш ер адамның жағдайын орташа ауыр деп бағалайды. Олар хирургия бөліміне орналастырылды.
Бөлісу: